fbpx

EN

2023 жылғы 28 сәуірде Зайсан аудандық ауруханасында шала туылған бала дүниеге келді.  Кішкентай пациенттің туған кездегі жай-күйі ауыр, тыныс алу бұзылыстарының белгілері бірден: сырылдаған дем шығару, мұрын шеміршегінің ісінуі, аузынан көбік бөлінуі басталды. Балаға респираторлық қолдау көрсету үшін реанимация бөлімшесіне ауыстырылды.

Білікті кадрлардың, медициналық жабдықтардың жетіспеушілігін ескере отырып, шала туылған нәрестенің оттегіге тәуелділігінен туындаған ауыр жай-күйін, тыныс алу бұзылыстарын, морфологиялық және функционалдық жетілмегендігін ескере отырып, 29 сәуірде баланың өмірлік көрсеткіштері бойынша медициналық авиация бортымен шұғыл түрде Семей қаласының Облыстық перинаталдық орталығына жеткізілді, онда оған тиісті емдеу және күтім жасау қамтамасыз етіледі.

FaLang translation system by Faboba