fbpx

EN

 


Жүрек-өкпе реанимациясын көрсету бойынша оқудан Астана қаласының «АСТАНА ЭКОЛАЙФ» медициналық орталығының қызметкерлері өтті.

Көшпелі семинар-мастер-классын ҰШМҮО Оқыту-тренинг орталығының дәрігер-нұсқаушысы Алиева Айнұр Саматқызы өткізді.

Бұл бағдарлама ABCDE жүйесі бойынша пациентті зерттеп-қарау алгоритмін (ауыр жағдайдағы тұрақсыз науқастың жағдайын бағалаудың тиімді әдісі), кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясын (командалық өзара әрекеттесу сценарийлерін қоса) орындаудың практикалық дағдыларын және шындыққа барынша жақын жағдайларда шұғыл жағдайларда алғашқы көмек көрсетуді меңгеруге мүмкіндік береді.

Бағдарламаның нұсқаушы дәрігері Алиева Айнұр Саматқызы реанимация жөніндегі Еуропалық кеңестің провайдері және нұсқаушысы сертификатына ие.

 

Бізден үйреніңіз! Біз ең жақсы болуды үйретеміз!

 

Толық ақпарат www.emcrk.kz, e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

FaLang translation system by Faboba