fbpx

EN

2022 жылғы 26 қарашада кеуде, асқазан қабырға асты аймауында пышақпен сұққандай ауырсынуы бар ер адам  Құрманғазы аудандық ауруханасына жеткізілді. Оның айтуы бойынша сол қолының иррадациясы бір апта бойы мазалаған.

Стационарға түскен сәтте электрокардиограмманы орындау кезінде ST сегментінің көтерілуі анықталды. Пациент шұғыл түрде стационарға емдеуге жатқызылды.

Пациенттің жалпы жай-күйі жіті коронарлық синдромға байланысты ауыр.

Телефон арқылы кардиореанимация меңгерушісімен консультация өткізілді, жүректің шұғыл коронарографиясы ұсынылды.

Аудандық ауруханада осы араласуды жүргізуге жағдайдың жоқтығын, жай-күйінің шұғылдығын, ауданның облыс орталығынан қашықтығын ескере отырып, 2022 жылғы 27 қарашада ер адамды Атырау облыстық кардиологиялық орталығына тасымалдау үшін медициналық авиация бортын көтерілді.

Тұрақты ауыр жай-күйде пациент облыстық клиникаға жеткізілді.

FaLang translation system by Faboba