fbpx

EN

«Үздік қызметкер» айдары бүгін медициналық авиация мобильдік бригадасының дәрігері Жанна Маратқызы Сұлтановаға арналады, ол 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауыр халдегі пациенттерді тасымалдау үшін ең көп ұшып шығу орындаған - 38. Оның пациенттері – республикалық деңгейдегі клиникаларда емделуге мұқтаж еліміздің кішкентай азаматтары. Онымен бірге кішкентай азаматтарымыз өздерінің өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін алғашқы өмірлік маңызды ұшу жасайды.

Ж. М. Сұлтанова өзінің кәсіби қызметін Ақмола облысы Алексеевка (қазір Ақкөл – автор ескертуі ) ауданының орталық аудандық ауруханасының учаскелік балалар консультациялық педиатры болып бастады.

Кейін елордаға көшіп, медицина академиясының дәрігерлерді жетілдіру факультетінің әдіскері, ал 2005 жылдан бастап Қалалық жедел жәрдем станциясының дәрігері болып жұмыс істеді.

Медициналық авиацияда Жанна Маратқызы 2010 жылдан бастап жұмыс жасайды. Оның еңбек жолында дәрігерлік және ұйымдастырушылық қызметтің үлкен тәжірибесі, ризашылығын жаудырған жүздеген пациент бар, ол аспанда болсын, тіпті жерде болсын адамдарға уақытында қалай көмектесуге болатындығын бәрінен де жақсы біледі. Жанна Маратқызы үнемі ізденеді, білімін арттырады және ешқашан мұнымен тоқтамайды, өйткені медицинаға деген сүйіспеншілігі терең!

Біздің елімізде әр пациенттің өмірі үшін күресуге дайын, жұмысына адал осындай дәрігерлер барда, жүрегімізде тыныштық таба аламыз және – «құтқарушы» ақ халаттылар ұшқан аспанға сеніммен қарай аласыз!

FaLang translation system by Faboba