fbpx

EN

Трансплантология – бұл белгілі бір органды трансплантаттау үшін хирургиялық араласуды күткен отандастарымыздың өмірін сақтауға көмектесетін медициналық көмектің басым бағыттарының бірі.

2022 жылғы 16 қарашада жедел өтінім бойынша Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық пен Ұлттық онкология және трансплантология орталығының трансплантологтар тобы донорлық органдарды алу үшін Шымкент қаласына медициналық авиация бортымен ұшып шықты.

Донорда- ер адамда мидың семуі орын алды. Донордың туыстары органдарды алуға рұқсат берді. Пациентті алдын-ала зерттеп-қарап, реципиенттермен үйлесімділігі анықталды.

Идеалды жағдайда бір донордан кейінгі трансплантаттау жеті адамның өмірін сақтап қалады: бірінші жүрегі трансплантатталған адамды, екіншісі бауыры трансплантатталған адамды, үшінші және төртінші бүрегіне трансплантатталған адамды, бесінші және алтыншы өкпесі трансплантаталған адамды, жетінші ұйқы безі трансплантатталған адамды құтқарады.

Осы күш-жігердің арқасында медицина әлемі трансплантаттаудың сәттілігінде үнемі ілгерілей алады және бұл адамдардың өмірін сақтап қалудан, олардың өмір сүру ұзақтығын арттырудан және өмір сүру сапасын жақсартудан көрінеді.

FaLang translation system by Faboba