fbpx

EN

2021 жылғы 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында Қазақстан Республикасында ұшу қауіпсіздігі және әуе кемелері паркін жаңарту саясаты саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылау бойынша кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры А. К. Дүйсенов, ҚР ДСМ «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК басшылығы, сондай-ақ «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ өкілдері қатысты.

Өткізілген кездесу шеңберінде қатысушылар ҰШМҮО жұмысының стратегиялық бағыттарымен, әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмек көрсету ерекшеліктерімен таныстырылды, негізгі проблемалық мәселелер және оларды шешудің ұсынылған жолдары айтылды, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

ҰШМҮО Басқарма Төрағасы Н.С. Ахильбеков бүгінгі таңда ҰШМҮО медициналық авиация саласындағы жалғыз мемлекеттік оператор болып табылатынын атап өтті. ҰШМҮО өзінің авиапаркі болмай, шарттық негізде мамандандырылған және арнайы дайындалған әуе кемелерін (ӘК) тартуға мәжбүр. Алайда, қолданылатын ұшақтардың айтарлықтай қызмет ету мерзімі бар және олардың жабдықтары ескірген. Егер тартылатын ӘК тікұшақ паркі негізінен ЕС-145 үлгісіндегі заманауи мамандандырылған тікұшақтардан тұратын болса, онда Ан-24, Як-40, Ан-2 сияқты ұшақтардан тұратын ұшақ паркі өзінің ұшу-техникалық сипаттамалары бойынша заманауи үлгілерден артта қалады, олардың санитариялық-экологиялық сипаттамалары (шуыл, діріл, салондағы температуралық режим) халықаралық стандарттарға сәйкес келмейді.

«Соңғы төрт жылда медициналық авиация желісі бойынша авиациялық қызметке байланысты 20 инцидент тіркелді, оның 1-і – өліммен аяқталған ұшақ апаты, 2-і – төтенше оқиғалар, 9-ы – авариялық қонулар, 5-ы – техникалық ақауларға байланысты ӘК кері қайтарулары, 3-і – ӘК бортындағы қолайсыз жағдайлармен байланысты (төмен температура, химиялық генез иісі). Ұшуға байланысты жердегі оқиғалар, оның ішінде техникалық себептер де маңызды, өйткені бұл жағдайда пациенттің денсаулығына немесе өліміне әкелуі мүмкін қажетті медициналық көмек уақтылы көрсетілмеген пациентке қауіп төндіретінін айта кету керек. Ауыр халдегі пациенттерді әуекөлігімен тасымалдау қажетті медициналық қызмет болып табылады. Бірақ кез-келген медициналық рәсімдер сияқты, ол пациент үшін ғана емес, медициналық және авиациялық персонал үшін де қауіпсіз болуы керек. Қойылған міндеттерді шешу үшін жедел медициналық көмек көрсетудің қауіпсіздігі мен сапасын жақсарту үшін тиісті шаралар қабылдаудың жіті қажеттілігі туындап отыр», - деді Н. Ахильбеков.

Талқылау барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры А.Қ. Дүйсенов және «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Бас директорының құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары талқыланып жатқан мәселенің маңыздылығын, бірлескен жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті, сондай-ақ ҰШМҮО басшылығы жария еткен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы ұсыныстарды мақұлдады.

Кездесу қорытындысы бойынша қонақтарға ҰШМҮО ғимаратын таныстыру экскурсиясы өткізілді.

FaLang translation system by Faboba