Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында денсаулық жағдайына шағымы бар 31 және 28 апта жүктілік мерзіміндегі екі әйел Атырау қаласының Облыстық перинаталдық орталығына емдеуге жатқызылды. Дереу зерттеп-қарау басталды. Жүргізілген зерттеп-қарау және алынған талдау нәтижелері нәтижесінде перинаталдық орталық мамандары босанатын әйелдерді республикалық деңгейдегі медициналық мекемеге шұғыл тасымалдау қажеттігі анықталды.
Жағдайдың ауырлығын, жүктіліктің асқыну қаупін, сондай-ақ гестация мерзімін ескере отырып, екі әйелді Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына тасымалдау мақсатында санитарлық авиация желісі бойынша ҚР Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығын шұғыл тарту туралы шешім қабылданды. Пациенттер тұрақтандырылғаннан кейін 2020 жылғы 29 қаңтарда санитариялық авиацияның мобильді бригадасының алып жүруімен одан әрі емдеу және босандыру үшін Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемесіне жеткізілді.
2019 жылы акушерлік-гинекологиялық патологиясы бар 438 әйелге медициналық көмек көрсетілді, бұл пациенттердің жалпы санынан 14% құрады. Жылдың басынан бастап Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары 3104 пациентке көмек көрсетті.