fbpx

KZ

2025 жылғы 15 желтоқсанда Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шара барысында Орталықтың бірқатар қызметкерлері денсаулық сақтау саласындағы қажырлы еңбегі, жоғары кәсібилігі және адам өмірін сақтауға қосқан елеулі үлесі үшін марапатталды. Сондай-ақ Ауғанстанның Кабул қаласына гуманитарлық медициналық көмек көрсетуге қатысқан дәрігерлерге ҚР Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хаттары табысталды.

 «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталғандар:

  • Нұрғалиев Қуат Болатұлы – Нейрохирургия және неврология департаментінің реабилитолог дәрігері
  • Қажыбекова Гүлнар Болатқызы – Акушерлік департаментінің басшысы
  • Ким Роман Валерьевич – Урология департаментінің басшысы

 «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» марапатының иегерлері:

  • Қулдашев Ергеш Юлдашевич – анестезиолог-реаниматолог дәрігер
  • Кенбейлова Айғаным Мырзабайқызы – Операциялық блоктың аға мейіргері
  • Қалмырза Бану Нәлібекқызы – Персоналды басқару бөлімінің басшысы
  • Тәжібаев Дулат Мәжитұлы – Диагностика департаментінің басшысы

 ҚР Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен марапатталғандар:

  • Түсіпбеков Ғарап Қадылғұмарұлы – травматологиялық пункті бар шұғыл көмек департаментінің шұғыл көмек дәрігері
  • Нұртазин Серік Саябекұлы – жалпы хирургия департаментінің хирург дәрігері
  • Салимов Рустам Бахтиярұлы – урология департаментінің шұғыл көмек уролог дәрігері
  • Сатвалдин Азамат Серікжанұлы – іріңді-септикалық хирургия департаментінің шұғыл көмек көрсету хирургі
  • Қыдырбаев Азат Мадиярұлы – анестезиология, реанимация және қарқынды терапия департаментінің анестезиолог-реаниматолог дәрігері

Барлық марапатталған қызметкерлерді құттықтаймыз және оларға мықты денсаулық, кәсіби табыстар мен еліміздің игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз!

FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар