fbpx

KZ
Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының мамандары гуманитарлық медициналық миссиямен Ауғанстанда.
Біздің дәрігерлер Кабулдағы ауруханада жұмыс істеп жатыр: операциялар жүргізеді, науқастарға кеңес береді және жергілікті әріптестеріне күрделі және шұғыл жағдайларда көмектеседі.
Медициналық топ құрамында:
Салимов Рустам Бахтиярұлы — уролог-дәрігер
Сатвалидин Азамат Сержанұлы — хирург-дәрігер
Нұртазин Серік Саябекұлы — хирург-дәрігер
Қыдырбаев Азат Мадиярұлы — анестезиолог-реаниматолог
Түсіпбеков Ғарап Қадылғұмарұлы — шұғыл медициналық көмек дәрігері
Алдағы екі апта бойы біздің мамандар Кабул тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетіп, жергілікті медициналық мекемелердің жұмысын қолдайтын болады.
Гуманитарлық миссия жалғасуда.
Біз дәрігерлерімізге кәсібилігі, батылдығы және өз ісіне адалдығы үшін алғысымызды білдіреміз.
FaLang translation system by Faboba

Жаңалықтар

 /**/

БІЗ ТУРАЛЫ

БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ: Қазақстан Республикасының халқы үшін оның сапасы мен қолжетімділігін жақсарту жолымен шұғыл медициналық көмек көрсету.

ОРТАЛЫҚТЫҢ МҮМКІНДІГІ: Пациентке бағытталған тәсілге, тұрақты дамуға, пациенттердің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, білім беру компонентін қолдана отырып, ұлттық және халықаралық стандарттарды енгізуге негізделген шұғыл медициналық қызметтің тиімді кластері.

МАҚСАТЫ:Қазақстан Республикасында халықтың өлім-жітімі мен мүгедектігін төмендету үшін әуе көлігін пайдалана отырып, шұғыл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту

ОРТАЛЫҚТЫҢ МІНДЕТТЕРІ:
• Әуе көлігін (медициналық авиацияны) пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқына шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру;
• Медициналық авиацияның өңірлік бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру;
• Халықаралық стандарттар негізінде Қазақстан Республикасында медициналық авиация қызметін дамыту;
• Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек қызметін үйлестіру

ОҚЫТУ-ТРЕНИНГТІК ОРТАЛЫҚ

ТӨРАҒАНЫҢ БЛОГЫ

Басқарма Төрағасы

Өту

Галерея

ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ СЕРІКТЕСТЕРІ

Пайдалы ресурстар