fbpx

KZ

2026 жылғы 2 мамырда Ташкенттен Алматыға 1965 жылы туған пациент «ми қан айналымының жедел бұзылысы» диагнозымен тасымалданды.

Тасымалдау кезінде пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланды. Ол кома жағдайында болып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған және оттегімен қамтамасыз етілді.

Тасымалдауды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясының мобильдік бригадасының дәрігері Ирина Решетник және фельдшер Болат Шарипов жүзеге асырды.

Ташкенттен жеткізілген пациент мамандандырылған емдеуді жалғастыру мақсатында Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жатқызылды.

Пациентке тезірек сауығып кетуін тілейміз!

FaLang translation system by Faboba