fbpx

KZ
2026 жылғы 29 сәуірде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясы талқыланды.
Кездесу барысында орталық қызметкерлері Негізгі заңға енгізілген өзгерістер мен жаңашылдықтарды қарастырып, олардың қоғамның дамуы мен денсаулық сақтау саласына ықпалын талдады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ әлеуметтік кепілдіктерді күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға қатысушылар өз пікірлерімен алмасып, жүргізіліп жатқан реформаларға қатысты кәсіби және азаматтық көзқарастарын білдіріп, олардың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті.
FaLang translation system by Faboba