2026 жылғы 9 сәуірде Өзбекстан Республикасының Нукус қаласында жедел медициналық жәрдемнің үздік бригадасы атағына арналған халықаралық деңгейдегі конкурс өтті.
Жарыста елдің намысын Абай облысы, Семей қаласының жедел медициналық жәрдем бригадасы жоғары деңгейде қорғады.
Команданың құрамында дәрігер Спанова Ләззат Ерболқызы, фельдшерлер Самиғұлов Алмас және Рысқалиев Ернар болды.
Конкурс қорытындысында команда жоғары кәсіби дайындық пен өзара үйлесімді жұмысты және практикалық дағдыларды сенімді түрде көрсете отырып, халықаралық жедел медициналық жәрдем бригадалары арасында 3-орынға ие болды.
Әріптестерімізді лайықты нәтижемен құттықтаймыз және мамандыққа деген адалдығы үшін шын жүректен алғыс білдіреміз!
Бұл – отандық жедел медициналық жәрдем қызметінің беделін арттыруға қосылған маңызды үлес.