fbpx

KZ

3 сәуір 2026 жылы «Астана урологтар және андрологтар қоғамының» отырысы өтті. Бұл жиын Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы урология департаментінің бір жылдық қызметіне арналды.

Іс-шараны ҰШМҮО Басқарма Төрағасы Әділбеков Ержан Боранбайұлы ашып, Басқарма Төрағасының медициналық бөлім жөніндегі орынбасары Айтмолдин Батыр Айтмолдинұлы сөз сөйледі.

Кездесу барысында урология саласының тәжірибелі мамандары өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті. Түркиядан арнайы келген доктор Ахмет Гүделоғлу да қатысып, халықаралық тәжірибесін ұсынды.

Отырыс аясында 5 операция жасалып, қатысушылар оларды конференц-залда тікелей эфир арқылы бақылау мүмкіндігіне ие болды.

Мұндай ғылыми-тәжірибелік шаралар дәрігерлердің біліктілігін арттыруға, халықаралық тәжірибе алмасуға және отандық медицинаның дамуына зор үлес қосады.

FaLang translation system by Faboba