fbpx

KZ

2026 жылғы 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының базасында мобильді медициналық аурухана құру мәселесіне арналған кеңес өтті.

Талқылауға Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері және денсаулық сақтау саласының мамандары қатысты.

Аталған мәселе депутаттар тарапынан оң қолдау тауып, мақұлданды. Жобаны одан әрі пысықтау және іске асыру бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Мобильді медициналық аурухана құру — шұғыл медициналық көмек жүйесінің дайындық деңгейін арттыруға бағытталған маңызды бастама. Бұл төтенше жағдайлар кезінде, зардап шеккендер жаппай түскен жағдайда, сондай-ақ елдің шалғай және қолжетімділігі шектеулі өңірлерінде медициналық көмекті жедел көрсетуге мүмкіндік береді.

FaLang translation system by Faboba