fbpx

KZ

2026 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы, министр Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы жетекшілігімен, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына арнайы сапармен келді. Сапардың мақсаты – балалар травматологиялық пунктінің ашылуға дайындығын бағалау болды.

Кездесу барысында министрліктің басшылығы орталықтың балаларға арналған арнайы травматологиялық көмек көрсетуге арналған материалдық-техникалық базасымен танысты.

Айта кету керек, Астана қаласында балалардың жарақаттарымен жүгіну көрсеткіші артқан. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 15,8%-ға өсті – 97 333-тен 112 775 жағдайға дейін, яғни 15 442 қосымша жағдай. Жалпы жүгіну құрылымында балаларға көрсетілген қабылдаудың үлесі 2024 жылы 58,0%, ал 2025 жылы 60,7% болды.

 2026 жылдың 26 қаңтарында астананың травматологиялық пункттеріне 606 адам, оның ішінде 361 бала (59,5%) жүгінді.

ҰШМҮО базасында ашылатын жаңа балалар травматологиялық пункті сол жақ жағалаудағы балаларды сапалы, жылдам және тиімді шұғыл медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

FaLang translation system by Faboba