fbpx

KZ

2025 жылғы шілде айынан бастап Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында жүкті әйелдер мен босанушы әйелдерге медициналық көмек көрсететін Акушерлік департамент толыққанды қызмет атқаруда.

Сонымен қатар жаңа туған нәрестелердің реанимация бөлімшесі және шала туылған балаларды күту бөлімшесі толық көлемде жұмыс істейді.

Шала туылған нәрестелерде ретинопатияның даму қаупі жоғары. Бұл ауру ерте кезеңде анықталмаса, көру қабілетінің ауыр бұзылыстарына әкелуі мүмкін. Осыған байланысты Орталықта шала туылған нәрестелердің ретинопатиясына міндетті скрининг қолданыстағы клиникалық хаттамаларға, клиникалық ұсынымдарға және халықаралық стандарттарға қатаң сәйкес жүргізіледі. Скринингтің уақтылы жүргізілуі ауруды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді.

Неонатологтар мен офтальмологтардың үйлесімді көпсалалы командалық жұмысының арқасында ең кішкентай пациенттеріміздің көру қабілеті мен жалпы денсаулығын сақтауға жағдай жасалуда.

FaLang translation system by Faboba