fbpx

KZ

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының азаматын отанына тасымалдау мәселесін шешу үшін бірқатар шұғыл іс-шаралар өткізді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының күшімен 2020 жылғы 11 тамызда Қазан қаласындағы Татарстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық клиникалық ауруханасының нейрохирургия бөлімшесінде емделіп жатқан 1965 жылы туған Қазақстан азаматы Павлодар қаласына қауіпсіз тасымалданды. Дәрігерлердің қорытындысы бойынша пациенттің жағдайы ауыр деп бағаланды. Осыған байланысты ұзақ уақыт стационарлық емдеуді және оңалтуды қажет етеді.


11 тамызда 10 сағат 00 минутта Қазақстан Республикасы санитариялық авиациясының әуе көлігі Павлодар қаласының әуежайына сәтті қонды. Одан әрі пациент отанында одан әрі ем қабылдау үшін медициналық мекемеге жеткізілді.

Пациент тасымалдауды қанағаттанарлық өткізді, ұшу кезінде асқынулар байқалмады. Тасымалдау барысында санитариялық авиацияның мобильдік бригадасы тұрақты жағдайды қолдауға бағытталған бірқатар медициналық шараларды жүргізді.

2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы 1 059 ұшуды, оның ішінде 6 шетелдік ұшуды жүзеге асырды.

FaLang translation system by Faboba