fbpx

KZ
2020 жылғы 11 тамыз 09 сағат 24 минутта Талдықорған қаласының жедел медициналық жәрдем қызметінің диспетчерлік қызметіне Іле ауданында болған жол көлік оқиғасы туралы жедел шақырту келіп түсті. Оқиға орнына құрамында дәрігер және фельдшер бар жедел медициналық жәрдемнің кардио-бригадасы, сондай-ақ жедел медициналық жәрдемнің фельшерлік бригадасы тез арада жіберілді.

Медицина мамандары оқиға орнына 9 сағат 39 минутта жетті және 5 зардап шегушіге шұғыл медициналық көмек көрсетуге кірісті, оның 3-уі балалар: 3 жаста, 5 жаста және 7 жаста. Жарақаттық зақымданулар кезінде алғашқы көмек көрсету жағдайларының іс-қимыл алгоритмін сәтті қолдану нәтижесінде 09 сағат 54 минутта барлық зардап шеккендер Іле ауданы Өтеген кентінің Орталық аудандық ауруханасына емдеуге жатқызылды. Қазіргі уақытта барлық пациенттер мамандардың бақылауында және қажетті емді қабылдауда.

ҚР Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының деректері бойынша 2020 жылдың 7 айында жарақаттар бойынша барлығы 287 405 шақыртуға, оның ішінде жол-көлік оқиғалары бойынша 12 402 шақыртуға қызмет көрсетілді.

FaLang translation system by Faboba