fbpx

KZ

2020 жылғы 23 шілдеде сағат 11:23 Семей қаласы ЖМКС-ның диспетчерлік қызметіне 8 қабаттың терезесінен 2 жасар баланың құлағаны туралы жедел шақырту келіп түсті. Жедел медициналық көмек бригадасы 7 минут аралығында оқиға орнына келіп жетті. Құрамында дәрігер, фельдшер бар бригада оқиға орнына келгеннен кейін тұрғын үй терезелерінің астында 2 жастағы тірі бала өте ауыр күйде табылды. Дәрігерлер дереу медициналық көмек көрсетуге кірісті, балаға толық көлемде медициналық көмек көрсетілді, иммобилизация жүргізілді және 18 минуттан кейін көптеген жарақаттарымен, асқынған травматикалық шокпен бала шұғыл түрде Семей қаласының мемлекеттік медициналық университетінің университеттік госпиталінің реанимациялық бөліміне жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде баланың анасымен үйде болғаны анықталды. Анасы жаңа туған баласын емізуге бірнеше секундқа алаңдаған кезде, үлкен ұлы москит торымен бірге ашық терезеден құлап кетті.

Егер үйде кішкентай балалар болса, ашық терезе қауіптілігіне ересектердің назарын аударамыз! Абай болыңыздар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар! Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!

FaLang translation system by Faboba