fbpx

KZ

2020 жылғы 20 шілдеде Шымкент қаласы жедел медициналық жәрдем станциясының «103» пультіне құрысу синдромы бар екі жастағы балаға шақырту келіп түсті. Шақыртуға 9 минуттан ішінде №3 ЖМК қосалқы станциясының 72 фельдшерлік бригадасы келіп жетті. Қарау кезінде бала ессіз болды, пульсі мен тыныс алуы жоқ болған. Бала абайсызда гипотензивті әсері бар таблеткаларды қабылдағаны анықталды. Дәрігерлер дереу медициналық көмек көрсетуге кірісті. Базалық жүрек-өкпе реанимациясының алгоритмін қолдану нәтижесінде 4-ші минутта баланы клиникалық өлім жағдайынан шығаруға мүмкіндік туды. Бала тұрақты ауыр жағдайда Орталық қалалық ауруханаға жеткізілді, реанимация бөлімшесіне емдеуге жатқызылды.

Келесі күні кішкентай пациент жай-күйінің жақсаруымен реанимациялық бөлімшеден палатаға ауыстырылды. Баланың ата-анасы бригадаға алғыс білдіреді.

FaLang translation system by Faboba